Педагог мамандығы, жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындаудың жаңа ережелері және жоғары білім беру саласындағы өзгерістер жөнінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевпен сұхбаттасқан едік. Көлемді болып шыққан сұхбатымыз екі бөлімнен тұрады. Бұл материалда біз педагог мәртебесі мен педагогикалық кадрлар дайындаудың сапасы туралы сөз еттік. Сондай-ақ ҚазҰПУ-да жас мұғалімдерде тәжірибенің болмауы мәселесін қалай шешіп жатқандығы және мектептермен байланысты күшейту бағытындағы жаңалықтар жөнінде хабардар

боласыздар. Сұхбаттың екінші бөлімінде ректор Абай университетін дамыту жоспары мен стратегиясы туралы әңгімелеп берді. Ол ҚазҰПУ-дың әлеуметтік жауапкершілікті күшейтіп отырғанын және зерттеу бағытына баса назар аударылатынын атап көрсетті.

Science Collaboration Award - Қазақстандағы жас ғалымдардың ғылыми байланыстарын құруға, нығайтуға және қолдауға, сонымен қатар олардың халықаралық ғылыми жобаларға қатысуын ынталандыруға арналған тұңғыш жүлде. Байқау мемлекеттік органдардың тарапынан емес, Нұрхат Жақиев, Бибол Жақыпбаев, Максат Жабагин, Эрасыл Төлебаев атты жас ғалымдардың бастамасы. Олар байқау жайлы 2019 жылдың желтоқсанында жариялады.

Колледждегі білім жайлы әңгімемізді жалғастыра келе бүгін біз дуальді оқытудың түлектер алдынан ашатын мүмкіндіктері жайлы әңгімелейміз. Осы сұраққа жауап алу мақсатында біз елдегі беделді колледждердің бірі – Атыраудағы APEC PetroTechnic студенттерімен танысып, оқу барысына шолу жасадық.

Шілде айында Аружан Саин ресми түрде Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. 13 жыл бойы ол елдегі жас өскіндердің құқын қорғап, «Мейірімділік» ерікті қоғамы арқылы ауыр науқасқа шалдыққан, ата-ананың қарауынсыз қалған, зорлық-зомбылық көргендерге көмектесіп келеді. «Нағыз өз ісінің маманы келді». Тағайындау жайлы естіген халық әлуметтік желіде көбіне осындай пікір білдіріп жатты. Біз Қазақстанда балалар омбудсмені қандай жұмыс атқарады, бұл лауазымға келуімен нені өзгертпек деген сұрақтарды сұқбат барысында қойған едік.

«Болашақ» халықаралық шәкіртақысына биыл 25 жыл толады. Ширек ғасыр ішінде қазақстандық 13 000 жас әлемнің түрлі маңдайалды жоғары орындарын бітіріп, білікті маманға айналды. Жас таланттардың білімді шеттен іздеуіне қарсы болатындар да кездесіп жатады. Бұндай пікірдегі жандарға «болашақтықтармен» кездесіп, шет елде білім алуға деген құлшыныс отанын сүюге еш кедергі келтірмейтінін көруге кеңес береміз. Олардың көпшілігі ешқайда кетпей ел игілігі үшін еңбек етіп жүр. Бүгін біз жас, талантты талдаушы Айнұр Кенжаевамен таныстырамыз. 
Бүгін – Мұғалімдер күні. Қалам ұстағаныңнан бастап, қабырғаң қатайғанша білім нәрімен сусындатып, өмір соқпағында түзу жол таңдауыңа дейін үлес қосатын ұстазға бас иетін, бар жақсылығы үшін алғыс айтатын күн.

Республикаға еңбегі сіңген ұстаз, еңбек жолын 70-жылдары тақта алдында бастаған ерлі-зайыпты Құсбек Сейітханов пен Райфа Хисамиддинованы кәсіби мерекесімен құттықтап, аз-кем тілдескен едік. Екеуінікін қосқанда 80 жылдан асатын еңбек өтілі бар қос мұғалімнің алдынан шыққан талай түлек пен өз балалары іздерін басып, кәсіптерін жалғастырды. Бұл – кезекті кәсіби мерекесін қарсы алып отырған қариялардың еңбегінің жемісі. Қазан айының бірінші жексенбісіне тура келетін мереке алдында бақытты отбасы, мұғалімдер династиясының көшбасшысы болған қос ұстаздың естелігін тыңдап қайттық.

Loading...
Digital-агентство Белочка