12 December 2016
Бала асырап алу

Апалы-сіңлілі Арайлым мен Ақеркені асырап алған Фарида Oспаеваның оқиғасы.

avatar
Өзіңіз және отбасыңыз туралы айтып берсеңіз..
avatar
Менің аты-жөнім: Оспаева Фарида Дүйсенбекқызы. Жолдасым – Оспаев Мұрат Абулбашарұлы. Семей қаласындағы әскери бөлімшелердің бірінде қойма меңгерушісі болып (азаматтық қызметкер ретінде) жұмыс істеймін. Жұбайым ҚТЖ тепловозында машинист. Некеде тұрғанымызға 10 жылдан асты. Бірақ, кеш үйленген соң, өз балаларымыз болмады... 
avatar

Сол себептен де бала асырап алуға шешім қабылдадыңыздар ма?


avatar
Біз 4-5 жыл бойы бала асырап алу туралы ойланып жүрдік. 2014 жылдың желтоқсан айында біз Семей қаласының қамқорлық ұйымдарына барып, патронаттық ата-ана болу үшін қандай құжаттар қажет екендігін білдік. 2015 жылдың ақпан айында Өскемен қаласына барып, құжаттарды тапсырып, бала асырап алу үшін кезекке тұрдық. Сол кездің өзінде біз Семей қаласының балалар үйіне жолдама алдық. 
avatar
Осы процесті орындау барысында жетім балаларға арналған деректер базасының көмегі тиді ме (http://www.bala-kkk.kz/ru/node/578)? Бала асырап алушыларға арналған кеңестер қызметін пайдаландыңыз ба (еліміз бойынша бірыңғай call-орталық нөмірі: 1422)? 
avatar

Бастапқыда біз асырап алу ісінде үйреншікті қателік жасағанымызды енді түсініп жатырмыз. Ата-аналар 3 жасқа дейінгі баланы асырап алғылары келеді. Бірақ ондай бала жоқ. Сондықтан біз де 3 жасқа дейінгі баланы асырап алуды жоспарладық. Ересек баланы асырап алуға жүрексіндік.

avatar
2016 жылдың шілдесінде мен «Ана үйі» жобасы туралы естідім. Ол жайында балалар үйінен бала асырап алуды жоспарлап жүрген әріптестерімнен білдім. Олар жоба үйлестірушісі – Ибраева Роза Сәдуқызының телефонын берді. Онымен хабарласқанымда, ол Семей қаласындағы кеңес берушінің – Айнагүлдің телефон нөмірін берді. Біз хабарласқан күннің ертесіне кездестік. Бұл 2016 жылдың 20 шілдесі болатын. Айнагүл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың дерекқорлары туралы айтып берді. Өкінішке қарай, біз ол база туралы естіген жоқпыз. Біз 2015 жылдан бастап Семей қаласында кезекте тұрдық. Кезек жылжымады, бала жоқ деп айтты. Бізге күтуден басқа амал қалмады. Дәл біздер секілді қаншама адам кезекте тұрғанын елестете беріңіз. Олардың осы деректер қоры туралы біле бермейтініне сенімдімін.
Сонымен, біз ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің сайтына кірдік. Деректер базасын сол жерден көрдік. Басқа да қалаларда балалардың көп екенін көрдік. Сонымен қатар, Айнагүл 3 жастан асқан балаларды да асырап алуға болатындығын айтты. «Ана үйі» атты бала асырап алушыларға арналған мектеп бар. Ол жерде 12 сабақтан өту керек. Ал біз әлі бітірмедік. Негізі мен Талдықорған қаласындамын, ал жұбайым сабаққа қатысып жүр. Егер бұл сабақ болмағанда жасы үлкендеу баланы асырап алуға болатындығын білмес те едім.
avatar
Мәліметтер базасынан Арайлым және Ақерке есімді 5-6 жастағы апалы-сіңлілі екі қызды көрдік. Олардың жанымызға жақын екенін бірден түсіндік. Балалар бізді қабылдамай қоя ма деп қатты қорықтық. Бірақ бізге бала асырап алушыларға арналған мектеп берген дәрістің көп көмегі тиді. Жоба психологтарына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар – Зухра мен Салтанат. Қазір де туындаған кез келген мәселе бойынша хабарласып, кеңесіп тұрамыз.
avatar
«Ана үйіндегі» Ақбота есімді психологтың да бізге көп көмегі тиді. Ол бізге балалар қабылдамай қоя ма деген іштегі қорқынышты жеңуге көмектесті. Балалармен жолыққанда не туралы сөйлесуіміз керек екендігін түсіндірді. «Ана үйінің» қызметкерлері заң жағынан да, психологиялық жағынан да ешқандай ақысыз, тегін көмек көрсетті. Біздің жасымызда көпті көргенбіз деп ойлаймыз. Алайда, өз балаңды тәрбиелеу бір бөлек те, балалар үйінен бала асырап алу қиын екен.
avatar

Заң бойынша, мен 14 күн балалармен бiрге болуым керек. Сондықтан жұмыстан 25 күнге демалыс алып, екi апта қыздармен бiрге болуға шешiм қабылдадым. 14 күн бойы сағат 12-ге дейiн балалар үйiнде болдым. Қыздармен бiрге ойнап, сурет салып, жақынырақ сөйлестiк. Балалар әкелерiмен телефон арқылы сөйлесiп тұрды. Себебi, жұбайым екеумiз бiрдей ақысы төленбейтiн демалыс ала алмадықтан. Сондықтан оның Семейде қалуына тура келдi.

avatar
Бұдан кейiн мен балалар үйiнен талдау қорытындысын алдым. Қорытынды оң нәтиже көрсеттi. Сол себептi қалған құжаттарды рәсiмдеуге Қарасай ауданына бардым. Бұл кезде жұбайым да Талдықорғанға келдi. Айта кететiнi, қыздар әкелерi келетiн күндi тағатсыздана күттi. Осылайша, біз Семейге екi керемет қыздың ата-анасы болып оралдық. Бізге, әрине, асырап алу процесінен өту керек (қыздардың биологиялық ата-анасы олардан бас тартып, бұл нотариуспен расталғанымен, олар әлі ата-аналық құқықтан айырылған жоқ), қазірден-ақ Арайлым мен Ақеркені туғанымыздай көреміз. 
avatar
Бала асырап алуды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін қандай кеңес бере аласыз? 
avatar

Мен, ең алдымен, бала асырап алу үшін кезекте тұрғандарға кеңес бергім келеді. Балалар үйіне келгенде бірден кезекте тұрған адамдардың көп екенін айтып, сізге тізімдер мен құжаттарын көрсетеді. Оларға берер кеңесім, бірден «Ана үйіне» барып, олардың көмегіне жүгіну. Олардан күн не түн болғанына қарамастан көмек сұрауға болады. Мысалы, біз әлі күнге дейін олардан кеңес сұраймыз.

avatar
Сонымен қатар, әлеуеті жоғары ата-аналарға http://www.bala-kkk.kz/ru/node/578 сайтына кіруге кеңес беремін. Онда балалардың анкетасын көруге болады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап сайтқа балалардың анық суреттерін жариялаулары керек. Бұл деректер базасының көмегімен асырап алғыңыз келетін баланы таба аласыз. Егер бала асырап алғысы келген азамат осы сайтты қарап, мамандардың пікіріне құлақ асатын болса, оларда бәрі де жақсы болады.

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://vk.com/wall-120804658_806