01 May 2017
Бала асырап алу

Наталья Соколова: ""Балалар үйін Отбасылық құрылым орталығына айналдыру әрбір балаға лайық отбасын табуға мүмкіндік береді"

2016 жылы біздің министрлік екі үкіметтік емес ұйыммен бірігіп, еліміздің екі қаласында балалар үйін отбасын қолдау орталығына (ОҚО) айналдыру жөніндегі екі пилоттық жобаны бастаған болатын. 31 наурыз күні Астанада республикалық балалар үйлері директорлар кеңесінің жиналысы болып, онда ОҚО жұмысы талқыға түсті. Кездесу стратегиялық сессия түрінде өтті: орталықтардың жұмыс жоспары ұсынылды, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. 

ОҚО жұмысын жан-жақты таныстырып, олардың мақсаттары мен алғашқы жартыжылдықтағы (құрылғаннан бастап) жұмыс қорытындысын көрсету үшін біз осындай мекемелердің жетекшілері Шолпан Байболова мен Бибігүл Махметовадан, министрдің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Балия Әкімбековадан, ресейлк эксперт Наталья Соколовадан сұхбат алған едік. 
Наталья Соколова балаларды отбасына орналастыру саласына арнайы шақырылған маман. «Про-мама» отбасын кешенді қолдау орталығының қызметкері, отбасыларға және мамандарға қолдау көрсету мақсатымен сынақтан өткізілген бағдарламалар авторларының бірі, Отбасылық құрылымның ресурстық орталығының өкілі (Мәскеу қаласындағы бұрынғы №19 Балалар үйі). 
avatar
Балалар үйінен Отбасылық құрылым орталығына көшу тәжірибесі туралы айтып беріңізші... 
avatar
Біздің №19 Балалар үйі 1994 жылы барлық қызмет түрлерімен және балаларды отбасына жіберу мүмкіндігімен құрылды. Оны құру жөніндегі бастаманы Отбасылық құрылымның ресурстық орталығының жетекшісі Мария Феликсовна көтерді. Ұлыбритания, АҚШ және Голландияның тәжірибесіне сүйендік.


Отбасылық құрылым орталығын трансформациялау кезіндегі маңызды мәселелер мынадай: 


Кешенді реабилитация және балаларды отбасына орналастыруға қатысты ұйымдардың жаңа мақсаттарын нормативтік құжаттармен бекіту, жаңа жұмыс формасын қалыптастыру. Қандай формалар дегенге келсек, біріншіден, балалар тұрақты тәрбиеші жұмыс істейтін отбасылық топтарда өмір сүреді. Екіншіден, міндетті түрде балаларды кешенді тексеруден өткізу және мониторинг жасау енгізіледі. Үшіншіден, жұмысты үйлестіру және жалпы жоспар жасау мақсатымен консилиумдар өткізіледі. Нәтижесінде кез келген қолдау қызметін құруға мүмкіндік туады. Мысалы, Бала асырап алушы ата-аналар мектебі, туыс және бала асырап алушы отбасыларға, түлектерге қолдау көрсету қызметі, т.с.с.

Қайта құрылымдаудың қаржылық-экономикалық тетігін жасау. Әңгіме бюджеттің икемділігі және шынайы жағдайға сай оған өзгертулер енгізуге қатысты. Штаттық кестені өзгерту де қолайлы болуы қажет. Мәселен, балаларды отбасына алып кетіп, топ жабылып қалған жағдайда еңбекақы қорынан бөлінетін қаржы қайтарылмайды, ол әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды және қолдау көрсетумен айналысатын басқа да қызметкерлерді жұмысқа алуға, бала асырап алушы отбасылар мектебі мен туыс отбасын сақтау қызметін қолдауға жұмсалады. 


Мекеменің педагогтар құрамы мен жекелеген қызмет мамандарына үнемі жаңа технологияларды үйрету. Бос тәрбиешілердің әлеуметтік педагогтың оқуын оқуға немесе бала асырап алушы отбасы болуға мүмкіндігі болуы тиіс.

Салалық департамент басшылығы және мекеме басшылары деңгейінде қызығушылық болуы маңызды.


Бір мезгілде екі немесе одан да көп қамқоршыны тағайындау мүмкіндігі болуы үшін енгізудің аралас формасы тиімді (заңды тұлғалар үшін де, жеке тұлғалар үшін де). Бұл, әсіресе, қиын балаларды орналастыру кезінде маңызды, өйткені отбасыларға қолдау және тірек болу керек. Балалар үйі мен жеке азамат бір мезгілде бір балаға қамқорлық ете алуы керек. Дегенмен, олардың құқықтары мен міндеттері өте қатаң түрде белгіленеді. Қазір мұндай заң Ресей Мемлекеттік Думасында қарастырылып жатыр.


Өзгерістерге қарсы тұру әр кезде болған, бола да береді. Сондықтан перспектива айқын болуы керек. Сондай-ақ, көшбасшылар қызығушылық танытып, команданың жұмысы сауатты жолға қойылуы тиіс. Балалар үйінің қызметкерлерімен тек әріптес болғанда ғана тиімді және нәтижелі жұмыс істеуге болады. 

avatar
Сіздердің Ресурс орталығы (бұрынғы №19 Балалар үйі) қандай нәтижеге қол жеткізді? 
avatar

Орталық жұмыс істегеннен бастап (1994 жылдан бері):

  • Балалардың 95%-ы отбасына орналасты;
  • 350 жетім бала ата-аналы болып, он бес жылдан аса уақыт бойы қолдауға ие болып отырды;
  • 55 отбасы балалар үйінен өз балаларын қайтып алды;
  • 187 бала ата-ана құқығынан айырылу қаупі төніп тұрған отбасыларда қалды;
  • 5500 жетім бала патронаттық отбасына берілді;
  • Қырық аймақтан 5000 маманды оқыттық;
  • 43 аймақтық заң қабылданды;
  • Балалар үйін Отбасылық құрылым орталығына айналдыру, отбасына бала алатындар мен тәрбиеленушілерге дайындық және қолдау көрсету, отбасына орналастыру қызметі үшін мамандар даярлау технологиялары жасалып, сынақтан өтті. 

avatar
«Про-мама» отбасын кешенді қолдау орталығы немен айналысады? 
avatar
«Про-мама» мамандары бала асырап алудан үмітті ата-аналарды дайындаумен және ондай отбасыларға әрі қарай қолдау білдірумен айналысады. Дайындық бағдарламасына үміткерлермен танысу және «Асырап алушы ата-аналар мектебі» атты оқыту тренингін өткізу кіреді, оның негізінде біліктілікпен қарау мәселесі жатыр.


Тренинг жұмысы кезінде топқа бөлінген қатысушылар өздерінің ресурстарын бағалап, сыртқы бағалауға қарамай, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болады. Мұндай амал мейлінше тиімді екенін байқатты. Бұл тәсіл мамандармен әріптесе жұмыс істеу нәтижесінде үміткерлердің жауапкершілігін арттыруды көздейді. 


Бала асырап алушы отбасыларға қолдау білдіру кезінде келесідей мамандардың қызметіне жүгінеміз: ересектердің психологы және психотерапевт мамандары (кеңес беру, психотерапия, отбасылық терапия), балалардың психологы және психотерапевт мамандары (кеңес беру, психотерапия), логопедтер мен нейропсихологтар. Қажет болған жағдайда ересектер мен балалардың психологтары бірге жұмыс істеп, отбасылық сессия өткізеді. 


Қолдау шеңберінде сонымен бірге ересектермен («Ата-ана құзыретін көтеру» тренингі) және балалармен (ойын терапиясы, арт-терапия) топтық жұмыс және бірлескен қарқынды жұмыс жүргізіледі. 


Біз Мәскеу қаласының балалар үйлерімен әріптесе жұмыс істейміз. Бізге тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық бала асырап алушы ата-аналар көмек сұрап хабарласады.  

avatar
Балалар үйлері неліктен мұндай өзгеріске мұқтаж деп ойлайсыз? Сіздердің елдеріңізде балалар үйлерін Отбасылық құрылым орталығына айналдыру жұмысы әрі қарай да жалғасын таба ма? 
avatar

Балалар үйін Отбасылық құрылым орталығына айналдыру әрбір балаға лайық отбасын табуды мейлінше тиімді және сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай қайта құрылымдаудың негізгі идеясы бір аумақта тұратын, бір ақпараттық кеңістікте өмір сүріп жатқан мамандар тобының қызмет көрсетуін кешенді жүзеге асыруға негізделеді. РФ аумағында үш жыл бұрын бастау алған балалар үйін қайта құрылымдау процесі бүгінде жалғасын тауып отыр.

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1879426555603369