01 May 2017
Бала асырап алу

Отбасын қолдау орталығының мақсаттары туралы

2016 жылы біздің министрлік екі үкіметтік емес ұйыммен бірігіп, еліміздің екі қаласында балалар үйін отбасын қолдау орталығына (ОҚО) айналдыру жөніндегі екі пилоттық жобаны бастаған болатын. 31 наурыз күні Астанада республикалық балалар үйлері директорлар кеңесінің жиналысы болып, онда ОҚО жұмысы талқыға түсті. Кездесу стратегиялық сессия түрінде өтті: орталықтардың жұмыс жоспары ұсынылды, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. 

ОҚО жұмысын жан-жақты таныстырып, олардың мақсаттары мен алғашқы жартыжылдықтағы (құрылғаннан бастап) жұмыс қорытындысын көрсету үшін біз осындай мекемелердің жетекшілері Шолпан Байболова мен Бибігүл Махметовадан, министрдің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Балия Әкімбековадан, ресейлк эксперт Наталья Соколовадан сұхбат алған едік. 
Балия Әкімбекова, министрдің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі 
avatar
Республикалық балалар үйлері директорлар кеңесінің жиыны туралы айтып беріңізші. Мұндай кездесу қандай мақсатпен өтеді және отбасын қолдау орталығының жұмысы қашан басталды? 
avatar

2016 жылы біздің министрлік балалар үйінің жұмысын қайта құрылымдау жөнінде екі үлкен міндетті алға қойған болатын. Бірінші міндет – балалар үйін қайта құрылымдау: бұрынғыдай бір мекемеде 100 бала болмауы керек. Осындай бала көптіктің кесірінен балаларға жеке-дара қарау деген болмайды. Екінші міндет – мұндай мекемелерді отбасын қолдау орталықтарына (ОҚО) айналдыру. 

avatar
Елдегі балалар үйлерінің жағдайын көру үшін жыл сайын кеңес отырысын әр қалада өткіземіз. Жылына екі кездесу болады. Өткен жылғы жиында балалар үйі жанынан ОҚО жұмыс бастағанын жария еткен болатынбыз. Биыл олардың алғашқы жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысын ұсындық. Біз мұны тіпті қосымша қаражат тартпай-ақ жүзеге асыруға болатынын көрсеттік. Екі қалада екі пилоттық жоба бастаған болатынбыз: Шолпан Байболова жетекшілік ететін «Бала отбасында өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысымен (ҚҚ) бірге Алматы қаласында және Бибігүл Махметова жетекшілік ететін «Ана үйі» қоғамдық қорымен (ҚҚ) бірге Астана қаласында. 
avatar
Отбасын қолдау орталығының мақсаттары мен олардың қандай қызметтерді атқаратынын айтыңызшы. 
avatar

Барлығы үш түрлі қызметті жүзеге асырады. Олардың міндеттері орталық мақсатымен сай келеді. Алғашқы қызметтің негізгі міндеті – жетімдіктің алдын алу. Бұл қызмет балалардың балалар үйіне түспеуі үшін жұмыс істейді. Олар мектептегі әлеуметтік педагогтар мен психологтармен, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі комиссиямен, әкімдікпен және т.б. белсенді байланыса отырып жұмыс істейді. 

avatar

Екінші қызмет қызметкерлерді қайта оқытуға, балалардың жағдайына және оларды балалар үйінен шығуға дайындауға, бала асырап алуға үмітті ата-аналарды дайындауға жауап береді. Негізгі ұранымыз: «Отбасы үшін бала емес, бала үшін отбасы». Шетелдік сарапшы мамандарды да шақырамыз (былтыр Грузиядан шақырғанбыз, биыл Ресейден шақырдық). Біздің тәжірибеміз де, көрші елдердің тәжірибесі де отбасы мейлінше икемді және баланы қабылдауға барынша дайын болуы керектігін көрсетіп отыр. Екінші қызметте заңгерлерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Балалар үйінің штатында заңгер болуы керек, олар әр баланың мәртебесі мен құжаттарын тексеруі керек. Бұл екінші қызметтің маңызды міндеті. Заңгердің құжаттар және баланың мәртебесі бойынша дұрыс жұмыс істеуі ол баланың тезірек отбасын табуының кепілі. Біз баланың балалар үйінде болу мерзімін 1 жылға дейін қысқартуға талпынып отырмыз, бұл ең жақсы көрсеткіш болар еді. Ал қазір балалар мұндай мекемелерде орта есеппен 10 жыл тұрады. 

avatar
Үшінші қызмет отбасына бала асырап алғаннан кейін кәсіби қолдау білдіруге жауап береді. Егер бала немесе асырап алушы отбасы асырап алғаннан кейін қандай да бір мәселеге кез болса, қайда және кімге хабарласу керектігін білуі керек. Қазір бірлескен меморандум шеңберінде жұмысқа азаматтық қоғам араласып отыр, бұл аталған мәселелер бойынша кәсіби қызмет көрсету үшін керек. Қазақстанның барлық қаласындағы «Ана үйінде» «Бала асырап алуды қолдау орталығы» бар. Осы орталықтың 1422 нөміріне телефон соғу арқылы мамандардан кеңес алуға болады. Қажет болған жағдайда кеңес берушілер үйіңізге де келе алады. ҮЕҰ тағы бір жобасын атап өткен дұрыс, ол – «Тәлімгер» жобасы. Жобаның арқасында балалар үйіндегі жасөспірім тәлімгер-дос табады, ол баланың ересек өмірге бейімделуіне көмектеседі, сондай-ақ, бітіруші түлектер мен ересектеу балаларды мамандық таңдауға дайындайды. 
avatar
ОҚО құру жөніндегі бірлескен жұмыстың маңыздылығы неде? 
avatar

Комитет мұны өздігінен жасай алмас еді, өйткені сараптама жасай алатын адамдар керек, ресурс керек. Балалар үйінің жабық жүйесіне халықаралық сарапшыларды әкеле салу жеткіліксіз. Ал «Бала отбасында өмір сүруі тиіс» ҚҚ мен «Ана үйі» қоғамдық қорының қажетті тәжірибесі және белгілі бір нормативтері болды. Сондықтан бірінші балалар үйлерінің ҮЕҰ үшін ашық болуына қол жеткіздік, содан кейін солармен бірге ОҚО құрдық. Бұл кезеңнен өттік. Енді барлығы да ҮЕҰ, балалар үйі және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының табысты болуына байланысты.

avatar
Орталықтар толыққанды жұмыс істей бастауы үшін заңға отбасын қолдау орталығы деген түсінікті білім берудің бір формасы ретінде енгізу керек, оның ережелерін бекіту керек. Біз өз тарапымыздан ұсыныс жасадық. Сондай-ақ, қазір ОҚО туралы ереже дайындалып жатыр. Жиында бұл ережені де талқыладық. Ереже теориялық тұрғыда жазыла салған жоқ, қолға алынып, жарты жылдан бері жұмыс істеп жатқан пилоттық жоба негізінде жасалды. Жиналыс кезінде тек ҮЕҰ тарапынан ғана емес, балалар үйлерінің директорларынан да қосымша ұсыныстар түсті. Ереженің жобасы әлі түзетіліп, толықтырылады. Бірақ, бұл ОҚО жұмыс істей беруіне кедергі келтірмейді.  
avatar
ОҚО жұмысының қандай нәтижелерін айтуға болады? Сіздіңше, отбасын қолдау орталықтары не үшін қажет және ескі жүйедегі балалар үйін жаңа жүйеге айналдыру неліктен маңызды? 
avatar

Орталық жұмысының алғашқы жұмыс қорытындысын жария ете отырып айтарым, біз сан және көрсеткіш қуаламаймыз, біз үшін ұсынылатын қызметтің сапасы маңызды. Бала асырап алу жұмысы тек баланы ата-ананың қолына берумен ғана бітпейді, отбасын алдын ала дайындау, баламен жұмыс істеу, балаға және отбасына әрі қарай да қолдау білдіру маңызды.

avatar

Бүгінгі таңда мынадай бір түйткілді мәселе бар: бала асырап алушы отбасыларға кәсіби қолдау жоқ, балалар үйіндегі балаларға және бала асырап алушы ата-аналарға кәсіби психолог көмегі көрсетілмейді. Біздің ОҚО осы мақсатпен жұмыс істейді. Орталықтардың жанынан Бала асырап алушы ата-аналар мектебі құрылған. Алдағы 2-3 жыл көлемінде бұл Мектептердің жұмысы заңмен реттеледі деген жоспар бар. 

avatar

Тағы бір нәтиже ретінде балалардың қайтарылу статистикасын келтіруге болады. Бұрынғы жылдары бұл көрсеткіш 20% болатын, биыл 16%-ға дейін азайды. 

avatar

Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нормативтік құжаттарға да өзгертулер енгіздік. Қазір балалар үйінің штат құру мәселесінде еркі бар, яғни штатқа заңгер, психолог ала алады. 

avatar

Мемлекеттің азаматтық қоғамның ашықтығы мен қатысуы жөніндегі саясатының арқасында былтыр республикалық балалар үйлері директорлар кеңесінің отырысына БАҚ және ҮЕҰ өкілдерін шақыра бастадық. Қоғам үшін ашық болу аса маңызды. 2017 жылы да осы бастаманы әрі қарай дамытамыз деп шештік. Яғни, тағы да төрт балалар үйінің базасында ОҚО пайда болады. 

avatar
Балалар үйлерінің өзгеріске үйренуі ауыр жүріп жатыр. ОҚО психологтары мен заңгерлері тренерлер, олар балаларды да, қызметкерлерді де оқытады. Былтыр балалар үйін жаңа үлгіге айналдыру мәселесімен 700-ден астам қызметкерге кеңес бердік. Қызметкерлерді дайындау және бейімдеу ісін жалғастыра береміз. 

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1879433505602674