01 May 2017
Бала асырап алу

Отбасын қолдау орталықтарының 2016 жылғы жұмыс қорытындысы

2016 жылы біздің министрлік екі үкіметтік емес ұйыммен бірігіп, еліміздің екі қаласында балалар үйін отбасын қолдау орталығына (ОҚО) айналдыру жөніндегі екі пилоттық жобаны бастаған болатын. 31 наурыз күні Астанада республикалық балалар үйлері директорлар кеңесінің жиналысы болып, онда ОҚО жұмысы талқыға түсті. Кездесу стратегиялық сессия түрінде өтті: орталықтардың жұмыс жоспары ұсынылды, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. 

ОҚО жұмысын жан-жақты таныстырып, олардың мақсаттары мен алғашқы жартыжылдықтағы (құрылғаннан бастап) жұмыс қорытындысын көрсету үшін біз осындай мекемелердің жетекшілері Шолпан Байболова мен Бибігүл Махметовадан, министрдің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Балия Әкімбековадан, ресейлк эксперт Наталья Соколовадан сұхбат алған едік. 

Бибігүл Махметова, «Ана үйi» қоғамдық қорының атқарушы директоры 
avatar
Астана қаласындағы Балалар үйі ҚММ базасында «Ана үйі» қоғамдық қорының қатысуымен дүниеге келген «Отбасын қолдау орталығы» жобасы туралы толығырақ айтып берсеңіз... 
avatar
2016 жылы «Ана үйі» қоғамдық қорының меценаттары Бала асырап алуды қолдау орталығы жобасын қолға алды, бұл – екінші әлеуметтік жоба. Мақсаты – жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық отбасыларға орналастыру арқылы интернат түріндегі ұйымда тұрып жатқан балалардың санын азайту.


Қор мамандары институционалды қамқорлық саласындағы заңдар мен еліміздегі отбасылық құрылым мәселелерін зерттей келе, қазіргі жүйе тиімсіз деген қорытындыға келіп, жаңа деңгейге көшу қажеттілігі туып отырғанын айтты. Жаңа деңгей отбасылық құрылымның артықшылығы мен тұлғалық және бағдарлы қызмет көрсететін әлеуметтік қызмет көрсету саласын дамытуды қамтамасыз етіп, отбасылар мен балаларға толық әлеуметтік инклюзия үшін қажетті кәсіби көмек көрсетеді. Қор мамандары жобаны жүзеге асыру бағдарламасын жасап, оны жалпы көпшілікке ұсынды. Жобаны ҚР БҒМ, ҚР АКМ және жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) қолдады. 


Астана қаласындағы Балалар үйі ҚММ базасындағы «Отбасын қолдау орталығы» атты алғашқы жобаны «Ана үйі» қоры 2016 жылдың 3 қыркүйегінде Астана қалалық білім беру басқармасы мен Астана қалалық Балалар үйімен бірге бастаған болатын. Оған ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті қолдау көрсетті. Жобаны Астана қаласының Балалар үйі мен «Ана үйі» ҚҚ жүзеге асырады. 


Жобаның маңызды мақсаттарының бірі – болашақта интернаттық үлгідегі мекемелерді Отбасын қолдау орталығына ауыстыру. Тағы бір мақсаты – қиын жағдайға тап болған отбасылар мен бала асырап алған отбасыларға кешенді түрде көмек көрсететін жаңа кәсіби қызмет көрсету орталығын құру және дамыту. 


Жобаның негізгі міндеті – Астананың балалар үйінде тұрып жатқан балаларды отбасылық тәрбиелеуге беру және олардың интернаттық үлгідегі мекемеге түсуінің алдын алу арқылы балалар үйінде тәрбиеленушілер санын қысқарту. 

avatar
Қандай қиындықтар болды? Бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған қандай мәселелер бар? 
avatar
Бастапқыда балалар үйінің қызметкерлері тарапынан сұрақ көп болды, олар неғылған Орталық екенін және онда қандай адамдар жұмыс істеуі тиіс екенін түсінбеді. Бірқатар тренинг өткізгеннен кейін мекеме қызметкерлері ОҚО жұмысына белсенді қолдау білдіре бастады. Қазіргі кезде түйіні шешілмеген ешқандай мәселе жоқ. ОҚО жұмысына тартылған қызметкерлердің әрқайсысы ортақ мақсатқа қызмет етеді, әрқайсысы белгілі бір бөлігіне жауап береді. 
avatar
Сіздердің Отбасын қолдау орталығының жұмыс нәтижесі қандай? 
avatar

Орталықтың алты айлық жұмысының нәтижесі мынадай:

  • 11 бала отбасылық тәрбиеге берілді: 5 бала туыстарына қайтарылса, 6 бала қамқорлық жасау үшін берілді.
  • 53 азаматқа отбасылық құрылымның формасы, қамқоршылық органына тіркеуге тұру үшін құжат дайындау бойынша ақпараттандыру мақсатымен кеңес берілді.
  • 14 бала асырап алушы ата-ана жеке психологиялық көмек алды (эмоциямен байланысты мәселелерді реттеу және оқу бағдарламасынан өту). 
  • 10 адам бала асырап алуға дайындығын анықтау, түрткі болған жағдайлар мен тұлға ретіндегі кемелдік деңгейін анықтау, отбасындағы бір-бірімен өзара қарым-қатынасты байқау, отбасының күйзеліс жағдайына төзімділігін тексеру мақсатымен психологиялық тексеруден өтті. 


Балалар үйінің 50 тәрбиеленушісі балалар үйінде тұру кезіндегі жанына жара салған жайттар, үрей және қолайлылық деңгейін анықтау мақсатымен психодиагностикалық зерттеуден өтті. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, балалар өзін ешкімге керексіз көреді, ұялады, өздерін кінәлі сезінеді, дәрменсіз және қорғансыз сезінеді. Өздеріне көңілі толмайды. 


Диагностика қорытындысы бойынша күйзеліс және кикілжің жағдайында болғандықтан оқуда қиындық көріп жүрген 20 баламен жеке-жеке жұмыс қолға алынды. 


Балаларды әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дамыту мақсатымен «Мен және басқалар», «Әріптес болып үйренейік» атты бағдарламалар жасалды.

Апта сайын арнайы жасалған дайындық және оқыту бағдарламасы бойынша Асырап алушы ата-аналар мектебінде болашақта бала асырап алғысы келетін ата-аналар үшін тренингтер ұйымдастырылады. Өткен жылдан бері бұл мектепте оқуға 35 азамат өтініш берсе, олардың 15-і оқуын бітіріп, Мектепті бітіргені жөнінде сертификат алып үлгерген.


Балалар үйі қызметкерлерінің психологиялық және педагогикалық құзыретін арттыру бағытында мекеме қызметкерлерін қайта даярлау жұмысы жүруде. ОҚО 10 аға тәрбиешісі мен 5 қызметкері тренингтік дайындықтан өтіп, кеңес алды. «Эмоциялық күйіп-жанудың алдын алу», «Отбасының жағымды образын қалыптастыру», «Баланың балалар үйіне бауыр басып қалуымен байланысты ауытқулардың орнын толтыру», «Тәрбиелеу стильдері», «Кейс–менеджмент», «Күйзелістік ауытқудан кейінгі зақымы бар баламен тиімді қатынас құру» және тағы басқа тақырыптар бойынша бағдарламалар жасалды.


ОҚО жобасын тиімді жүзеге асыруды жалғастырған жағдайда екі жылдың ішінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көпшілігі отбасын табады деп есептеймін. 

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1879419448937413