20 October 2018
Бала асырап алу

Тамилла Андреева: «Балалар мамалап мойыныма асылғанда басқаларға қарай да алмай қалдық»

Жыл сайын көптеген отбасы балалар үйінен сәби асырап алуға бел буып жатады. Біз парақшамызда осындай ата-аналардың бастан кешкендері туралы айтып отырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз — Андреева Тамила Мамедовна. Мамандығы психолог, мектепте жұмыс істейді. Күйеуі екеуінің өз балалары бар. 2017 жылдың ақпан айында тағы төрт бала асырап алу жайлы шешім қабылдаған.

avatar
Тамила Мамедовна, балалардың жасы қаншада?
avatar
Ең кішкентайымыз Мария мен Варвара бесте (аралары алты-ақ күн), Ирина сегіз, Александр он, Никита он төрт, Александра он алты жаста.
avatar
Қамқорлық жасау тарихыңызбен бөлісіңізші, неге мұндай шешім қабылдаңыз?
avatar

Мен психолог болып жұмыс істеймін. Әу баста әлеуметтік педагог ретінде білім алып, сәбилер үйінде тәжірибеден өттім. Шамасы, бала асырап алу жайлы ой миыма сол кезде сыналап енсе керек.

Құжаттарды 2016 жылдың қараша айында жинай бастадық. Ал ақпанда балаларды үйімізге алып кеттік. Бұл өте ұзақ уақыт деп айта алмаймын.

avatar
Шынымды айтсам, балалар үйінің директоры құшағын жая қарсы алған жоқ. Таңдаған балаларымыздың орнына басқа екі қызды көрсетті. Олар «мамалап» келіп мойыныма асылғанда басқа балаларға қарай да алмай қалдық. Директордың көкейінде күдік болыпты. «Бұл балаларды ала алмайсыздар-ау, олардың әкпесі мен ағасы бар» деді. Күйеуім екеуміз ақылдаса келе, үлкен балаларды көрмесек те төртеуін бірақ алуға бел будық.
avatar
Қазіргі кезде мұндай қадамға бару оңай емес шығар?
avatar
Қиындықтар болды. Асырап алған баланы бірден жақсы көріп кеттім деген сөзге күмәнмен қараймын. Бөтен балаға бірден бауыр баса қою өте қиын. Бір-біріне үйренісу кезеңінде тіпті де. Әдетте, кітапта үйренісу кезеңі алты айға созылады деп жазылады, бірақ әркімде әрқалай. Біздің үйренісу кезеңіміз тура төрт ай бұрын аяқталды. Күйеуім қай істі қолға алсам да қолдау көрсетіп отырады. Досым әрі әріптесім.
avatar
Процесс барысында http://www.bala-kkk.kz/ru/node/578 жетім балалар базасының көмегі болды ма? Асырап алушы ата-аналарға арналған кабинетті қолдандыңыздар ма? (call-орталық 1422)
avatar
1422 нөмірі бар буклетті алғаш көрген кезде күрт шешімге келдім-ау деймін. Мен қалай екенін әлі күнге дейін білмеймін, бірден call-орталыққа телефон шалдым. Әрі қарай базадан балаларды қарап, қамқорлық органдарымен байланыстық. Базада бәрі ашық, қолжетімді. Ата-аналар қамқорлық органдарының табалдырығын тоздырып, құжат жинамайды. Балаларды алып кеткен соң консультацияға зәру болдық. Бізде асырап алушы ата-аналармен жұмыс істейтін арнайы орган жоқ. Әркім өзінше амалдайды. Мысалы маған Петропавл қалалық білім басқармасынан Ғалия Сейдахметқызы Ильясова көп көмектесті.
avatar
Үйренісу кезеңінде ата-аналарды қандай қиындықтар күтіп тұр?
avatar

Біздің үлкен қызымыз коррекция мектебінде оқыды. Түсініспеушіліктер сол жерде туындады. Шын мәнінде қыздың дамуында ауытқу болмаған. Бірақ анасының еренсіздігінің кесірінен осы мектепте біраз оқуға тура келді.

avatar

Психолог ретінде мен баланың оқып, жаза алатынын көріп, дамуында кемшілік жоқ екенін білдім. Қиындық оны жалпы білім беретін мектепке ауыстырғанда басталды. Себебі коррекция мектебінде ағылшын секілді бірқатар пәндер оқытылмайды. Қосымша сабақ алуымызға тура келді. Бұл өте ауыр тиді.

avatar

Ортаншы қызым тарапынан ешқандай проблема болмады. Ол бірден сіңіп кетті. Кішкентаймызда біраз қобалжыдық. Түн ішінде оянып жылай беретін. Дәрігерге көрсеттік. Денсаулығында кінәрат жоқ болып шықты. Оған үнемі өбектеп қарауымыз осындай еркелікке ұласқанын кейін түсіндік. Біз қызбен ашық сөйлесіп, қылықтарына шыдадық. Уақыт өте келе ол да қалыпқа келді.

avatar
Туған перзент пен асырап алған балалар уақыт өте келе бір-біріне үйреніп кетті. Бір мектепке барады. Екі қыз балабақшада.
avatar
 Психолог ретіндегі пікіріңізді білсек деп едік: бөтен адамдардың осылай бір отбасыға айналып кетуі қалай жүзеге асады?
avatar

Біздің балалар анасы қайтыс болған соң балалар үйінде жарты жыл ғана болған. Бірақ сенімсіздік сезімі ұзақ сақталады екен.

avatar
Олар бізді екінші күні мама, папа дей бастады. Тіпті үлкендері де. Біз не дерімізді білмедік. Бірақ үйге дос жаран, туыстарымыз келіп, оларға ерекше назар аудара бастағанда олар да қонақтарға қарай бейімделе кететінін байқадық. Отбасымыздың жаңа мүшелеріне сыйлық әкеліп, көтеріп, ерекше көңіл бөлуге тиым салдық. Балалар үйінде тәрбиеленгендер өзіне ересектер арасынан «ерекше маңызды» адамды іздейді. Мен бұл жайында көп оқығанмын. Людмила Петрановская (психолог және көптеген кітаптардың авторы) «Бауыр басу теориясы» деген кітап жазған. Бұл теория асырап алған балаларға толық сәйкес келеді. Бұл бағдарлама – шикіліктен тәуелсіздікке апаратын көпір.
avatar

Осындай іске бел буған ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз?

avatar

Ата-аналарға отбасы да, айналасы да моральдік тұрғыда қолдау көрсету керек. Олар демала білуді үйренуі керек. Өзіне уақыт арнай алуы керек. Мен үшін бұл - отбасынан бөлек демалыс. Кейде шыдамым шегіне жетіп, жарылардай болған күйге келсем сыртқа шығып кетіп, жаяу көше аралап келем.

avatar

Бала асырап алған ата-аналар қорын құрғым келеді. Мен психологпын. Ондай аналармен байланысып тұрамын. Баланы қайта апарып тастаған жағдайлар көп екенін естігенмін. Оның себебі біреу-ақ: ересектер бұл қадамға толық дайын емес. Баланы асырап алдым, енді ол маған өмір бойы қарыздар деген ойда болады. Ал балалар, қайталап айтам, ерекше маңызды адамды іздейді. Ата-аналар асырап алған балаларын бөтен елден қызғануды бастайды. Сонымен қатар бала бөтен ортаға келген кезде бірден шектеу қойған жөн. Кейде баланы еркелетіп, сыйлықтың астында қалдырып, үйде тұяғын қимылдатпай қояды. Тіпті төсегін де жинатпайды. Ал жарты жылдан кейін бала мені тыңдамайды деп шағым айта бастайды. Бұның барлығы баланың жаңа ортаға бейімделу барысында ерекше назар аударып, еркелетудің нәтижесі.

avatar
Бала асырап алғысы келген ата-аналарға төзім керек. Бұл – ең бастысы. Сонымен қатар, сіздің махабаттыңыздың өзгермейтініне сенімді болуы үшін баланы бойындағы бар қылығымен жақсы көру керек. Оның не ойлайтын, не қалайтыны, неге оғаш қылық көрсететінін білуге, түсінуге тырысыңыз. Балаларға тек өз күштері мен еңбегіне сенсе алынбайтын қамал жоқ екеніне сендіріңіз. Өзіңізге ыңғайлы бала жасап алуға тырыспаңыз. Ортақ өмір сүріңіз. Оның бойынан тәрбие нысанын емес, тұлғалық қасиет көруге тырысыңыз.

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://www.facebook.com/edugovrk/posts/2161719147374107