28 June 2019
Қауіпсіздік

Су жағасындағы демалыс кезіндегі қауіпсіздік

Су жағасындағы қауіпсіздік туралы Алматы қалалық ТЖҚ мамандарымен әңгімелестік. Суға жүзе білу – жағажайдағы қауіпсіздік кепілінің бірі. Сондықтан баланы малтуға үйретіңіз. 

Бала білуі керек қарапайым қағидалар бар. Оны іс жүзінде пысықтап қойыңыз.

Айталық:

🏊‍♂ суға шомылуға тек ата-ананың рұқсатымен бару керек;

🏊‍♂ шомылып жүргенде жақын жерде міндетті түрде ересек адам болсын;

🏊‍♂ шомылуға қашан және кіммен баратыныңды ата-анаға міндетті түрде айту керек;

🏊‍♂ судың температурасы 18 градустан төмен емес, күн ашықта, 25 градустан жоғары ыстық күнде шомылған дұрыс;

🏊‍♂ суық тигізіп алудан және күн өтіп кетуден сақтан;

🏊‍♂ тамақ ішкен соң 1,5 жарым сағаттан соң ғана шомылған дұрыс;

🏊‍♂ шаршап тұрғанда, дене қызып немесе терлеп тұрғанда суға түсуге болмайды;

🏊‍♂ дене суға үйренбей тұрып шомылса тамыр тартылып қалуы мүмкін. Сондықтан алдымен аяқты малып, біраз кешіп, кішкене байқап жүріп дене үйренгенше жүру керек;

🏊‍♂ сасқалақтамауды үйрену керек. Көп қайғылы жағдайға сасқалақтау себеп болып жатады;

🏊‍♂ биік жардың жиегіне ойнауға болмайды;

🏊‍♂ суға жүзе алмасаң немесе нашар жүзсең алысқа барма,тереңге жақындама;

сыр беймәлім жерде шомылма;

🏊‍♂ арнайы шектік белгіден ары аспа;

🏊‍♂ қайық, кеменің жолына шомылуға, тым жақын баруға болмайды;

🏊‍♂ су үстінде қылғындырып, қысып ойнауға болмайды;

🏊‍♂ жүзе алмасаң үрлемелі жастықтар мен құралдарға сенбе;

🏊‍♂ бөрене, тақтай секілді қолдан жасалған салда жүзуге болмайды;

🏊‍♂ қайықпен серуендегің келсе қауіпсіздік шараларымен таныс;

🏊‍♂ суда жүзу уақытын шектеп, өз шамасын біліп жүру керек. Су ішіндегі адам қаншалықты шаршағанын байқамауы мүмкін. Оданда ертерек судан шығып, күнге күйіп, демалып алған дұрыс.

Баланы шалқалай жатып жүзуге үйрету маңызды. Көп жағдайда бұл өмірін сақтап қалуға көмектеседі. 

Әсіресе:

🏊‍♂ жағалаудан алыс кетіп, қайтуға шамаң жетпей қалғанын байқасаң шалқалап жатып, басты судың үстінде ұстап, аяқ ұшын ақырын қимылдата бер. Осылайша ентікті басып, кішкене күш жинап, жағалауға жетуге мүмкіндік аласың.

🏊‍♂ шалқалап жатып жүзу – аяқ-қол тырысып қалып, көмекке келер ешкім болмағанда да пайдалы әдіс. Ең бастысы - сасқалақтап, қорықпай өзіңді сабырлы ұстауға тырысу. 

Құрметті ересектер, баланың қауіпсізігі — болашақтың қауіпсіздігі. Балаға қарсы жасалған қандай да бір қылмыс, тәртіп бұзу байқасаңыз 111 нөмірлі сенім телефонына хабарласыңыз. Бала да осы нөмірді білуі тиіс.

Балалар құқықтарын қорғау комитеті.


#БаланыңБәріӨзБалаң

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://www.facebook.com/edugovrk/photos/a.1441262736086422/2314830088729678