Кәсіптік колледждерді көбісі, ескі замандағыдай, мектептегі оқуын жалғастыра алмағандар мен ЖОО-на түсе алмағандарға арналған деген жаңсақ ойда. Бүгінгі мақала колледждердегі білім беру реформасының дуалдық (теорияға қарағанда практикаға көп уақыт берілетін болады) оқыту жүйесіне көшу өзгерістері туралы баяндаймыз. Бұдан бөлек, жоғарғы оқу орындарына қарағанда колледждер жаңа құрылғылармен жабдықталған және оқытушылары мен шеберлері өздірінің тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға да мүмкіндік береді.
Дуальді әдіспен оқу – жақсы кәсіп иесі болудың кепілі. Алматы экономика колледжінің студенті Аружан Амалбек осылай дейді. 
Өткен жолы Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжіндегі (АМЭжЭТК) дуальді білім берудің ерекшеліктеріне тоқталып, колледж бен “Алматы электр стансалары” АҚ (“АлЭС” АҚ) компаниясының арасындағы табысты әріптестікті сөз еткен болатынбыз. АМЭжЭТК дуальді оқу жүйесінің ерекше кестесін қалыптастырды. Ол студенттердің өздері таңдаған мамандықтарын жете зерттеп, білуіне мүмкіндік береді. Осы оқу әдісіне деген көзқарасы жайлы пікірді энергетика колледжінің қос түлегі Мақсат Байдыбек пен Асланбек Хаймульдиновтен суыртпақтап көрген едік. 
Loading...