«Нәр» деп аталатын отандық синбиотиктің клиникалық зерттеу нәтижелері туралы оқығанда ғылыми еңбекті коммерциаландырудың алғашқы жемісі қаншалықты салмақты екенін түсінесіз.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті зерттеу бағытына бет бұрды. Мақсат – зерттеу университеті болу. Бұл мәселенің жүзеге асырылуы, магистратура мен докторантура кезінде жұмыс істеудің заңдылығы және жас ғалымдардың белсенділігі туралы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызымен сұхбаттасқан едік. 

Science Collaboration Award - Қазақстандағы жас ғалымдардың ғылыми байланыстарын құруға, нығайтуға және қолдауға, сонымен қатар олардың халықаралық ғылыми жобаларға қатысуын ынталандыруға арналған тұңғыш жүлде. Байқау мемлекеттік органдардың тарапынан емес, Нұрхат Жақиев, Бибол Жақыпбаев, Максат Жабагин, Эрасыл Төлебаев атты жас ғалымдардың бастамасы. Олар байқау жайлы 2019 жылдың желтоқсанында жариялады.

Бүгін біз қазіргі таңда нәтижелері қолданылып жүрген ғылыми жобалар мен зерттеулер туралы материалдар топтамасын аша отырмыз.
2017 жылы Биотехнологиялар жөніндегі Ұлттық орталық ғалымдары жобаны коммерцияландыруға ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің грантын ұтып алды. Олар тұқым қуалайтын ауруларға бейімдікті анықтайтын зертхана жасады. Бүгін сол жоба жайында әңгімелеп, аға ғылыми қызметкер Сихаева Нұргүл Сабыржанқызын сөзге тарттық. 
Елдің ғылыми қуатын арттыру көп жағдайда оның нақты сектормен байланысына тәуелді екені мәлім. Осы байланысты нығайту мақсатында 2016 жылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерцияландыру туралы заңның жаңа нұсқасы қабылданды. Ол ғылыми жаңалықтардың нәтижесін іс жүзінде пайдалануды арттыруға бағытталып отыр. Біз нәтижелері қазірдің өзінде қолданысқа енген ғылыми жобалармен және зерттеулермен таныстыруды жалғастырамыз. 
Loading...
Digital-агентство Белочка