23 May 2017
Ғылым
Ғылым қоры

Ғылым Қорының 2016 жылғы жұмыстарының нәтижелері

Қордың жұмысы туралы және еліміздегі ғылыми әлеуетті дамыту процесінде бұл ұйымның қандай рөлі бар екенін бұған дейін жазған болатынбыз. Қор Президенті Әнуарбек Сұлтанғазин ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулерді коммерцияландыру туралы заңды қабылдағаннан бергі ұйымдастыру жұмыстарының нәтижелері туралы, сондай-ақ ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы мен оның қалай жүргізілетіні туралы әңгімелеп берген. 

avatar

Коммерцияландыру туралы заң шыққаннан бастап осы күнге дейін Қор қандай жетістіктерге қол жеткізді? 

avatar

2016 жылы еліміздің тоғыз аймағынан үш жүз жеті өтінім (ҒЗИ, ЖОО, сондай-ақ жеке серіктестермен (кәсіпкерлермен) бірге коммерцияландыру процесінің басқа да қатысушыларынан) келіп түсті.

avatar

Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми-техникалық және экономикалық сараптама нәтижелері негізінде, үш жылға дейінгі мерзімге, 40-тан бастап 300 миллион теңгеге дейін (жобаларға байланысты) 31 жобаны мақұлдады. Олардың жиырма үші бірлесіп қаржыландыру арқылы болса алтауы бірлеспеген. Жалпы сомасы 5 миллиард 758 миллион теңгені құрады (8%-і бірлесіп қаржыландыру – 500 миллион теңге). Ұзақтығы бойынша жобалар әртүрлі – бір жыл, бір жарым жыл немесе екі-үш жыл.

avatar
2016 жылдан бері Ғылым Қоры грант алушылармен жобаларды жүзеге асыруда тұрақты жұмыс істеп келеді, бірақ біз осымен тоқталып қалмаймыз. Мамыр және маусым айларында Қор коммерцияландыру бойынша жаңа байқауын жариялайтын болады. 
avatar
Байқауға қатысуға қандай жағдай жасайсыздар? 
avatar

Қор кәсіпкерлермен, кәсіпорындардың салалық қауымдастықтарымен, жергілікті атқарушы органдарымен, қазақстандық кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктерін анықтау бойынша даму институттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорындардың технологиялық тізімі Ғылым қорының сайтына орналастырылған және үнемі жаңартылып отырады. Осылайша ғалымдар өздерінің зерттемелерін коммерцияландыру мәселесін қандай кәсіпорындармен қарай алатынын біліп отыруына мүмкіндіктері бар.

avatar

Басында екіжақты жұмыс жүргіземіз: ғалымдармен – олардың жобаларын қарастырамыз, өндіріспен араласатын сала өкілдерімен оларды өндірісте қолдануға болатынын анықтап аламыз – олардың қажеттілігін зерттеп барып, алынған деректерді өңдеп, олардың бизнес мәселелерін шеше алатынын анықтап барып ғалымдарға береміз. Оң баға берілсе, Қор қызығушылық тудырған ғылым және өнеркәсіп өкілдеріне кооперация мүмкіндіктерін талқылау үшін кездесу ұйымдастырады.

avatar
Жоғарыда айтып өнеркәсіптердің технологиялық мәселелеріне және ғылымның ұсыныстарына еркін қол жеткізуге болады және олардың саны болашақта арта түспек. Қазір біз кәсіпкерлер қауымдастығымен, салалық қауымдастықтармен, әкімшіліктермен белсенді түрде жұмыс істеудеміз. Олардан біз өндірістегі мәселелер туралы сұраймыз, қажеттіліктерін анықтаймыз. Мемлекет біртіндеп жеке компанияларды ғылыми зерттемелерді енгізуге алып келуі тиіс. Егер стандарттарды енгізу арқылы өндірушілерге олардың өнімдерінің ескіргені туралы, сапасы жоғары өнімнің қажет екенін жеткізіп отырса, оларға да ғалымдардың көмегіне жүгінулеріне тура келеді. 
avatar
Жобаларды қаржыландыру кезінде қандай қиыншылықтар кездеседі? 
avatar

Ғылым Қорына міне, он жыл болды. Коммерцияландырумен біз, оператор болып бекітілгеннен кейін, былтыр ғана айналыса бастадық.

avatar

Қазіргі таңда Коммерцияландыру туралы және Ғылым туралы заңдар жұмыс істейді, әзірге ол да жетеді. Әрине, кейде белгілі бір олқылықтар кездесіп жатады. Мысалы, жоба шығып, біз сол жоба бойынша жұмысқа кірісеміз. Мониторинг жүргізу барысында мәлімделген жабдықтың бағасының өсіп кеткені белгілі болады немесе оны тіпті өндірістен алып тастаған болып шығады. Әрине, жобаны жүзеге асыру жобасына өзгеріс енгізуге тура келеді. Өкінішке қарай, біз Ғылым Қоры ретінде ондай өзгерістерді енгізе алмаймыз. Сондықтан Ғылыми кеңеске жүгініп, түзетулерді қарауға жібереміз. Олардың бұны қарауына өз уақыттары берілген. Сол себепті біраз уақыт жоғалтып аламыз, бірақ бұны түзеуге болады.

avatar
Бүгінгі таңда ғылыми жобаларды коммерцияландыруда ешқандай заңдық және қаржылық кедергілер жоқ, біз жұмыс істеуге дайынбыз және оны жасай аламыз да. Пайда болған барлық мәселелерді белгілеп, кейін НҚА-ге немесе Заңға өзгерістер енгізуге дайындаймыз. 
avatar

Қазір жобаларды коммерцияландыруға жеке сектор қалай қатысып жүр? 

avatar

Жеке секторға жобаны бірлесіп қаржыландыру бойынша шектеу қоймаймыз, әйтпесе жобалар мен инвесторларды іздестіруде қиындықтар туындауы мүмкін. Дағдарыс кезінде кәсіпкердің кез келгені үлкен қаржы бөле бермейді. Сондықтан, біздіңше, ондай шектеулер қоюға болмайды. Бірігіп қаржыландыру қажеттілігінің минималды көрсеткішін көрсете отырып, қанша салуға дайын болса соншасын салуда оларға еркіндік беру қажет. Айтпақшы, қор жобаларының арасында жиырма үшеуі бизнеспен бірлесіп қаржыландырылады.

avatar
Бізде «Тағам өнеркәсібі қалдықтары мен қоспа жемді өңдеу» жобасы бар. Жобаның авторы өзі 60 миллион теңгеге бірлесіп қаржыландыру көзін тапты – зерттемесіне қолдау көрсететін кәсіпкер шықты. Осылайша ғылым бизнестен зерттемелерін енгізу процесін тездетіп, оны неғұрлым тиімдірек ететін серіктесін табуға өзі қызығушылық танытуы тиіс. 
avatar
Жобаларды коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру бойынша байқауға кімдер қатыса алады? 
avatar

Ғылым туралы Заң бойынша байқауда тіркелген ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері және басқа да кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады.

avatar

ҒҒТҚН коммерцияландыру бастамасын жүзеге асыратын қатысушылар және жобаның командалары:

  • тіркелген ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері (жеке және заңды тұлғалар);
  • ҒҒТҚН коммерцияландыруға грант алу өтінімін қарауға жіберген дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары (Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері). 

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1888968414649183

Digital-агентство Белочка