23 May 2017
Ғылым
Ғылым қоры

Ғылым Қорының мақсаттары туралы

Қазіргі таңда елімізде ғылымды қаржыландыру мемлекеттің есебінен жүргізіледі – өнеркәсіп саласынан тапсырыс жоқтың қасы. Сонымен бірге негізгі технологиялар шетелден сатып алынады. 
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң мен «Ғылым туралы» Заң осы ғылым мен өндіріс арасындағы «шыңыраудан» шығу үшін қабылданған. Біріншіден, олар қаржы бөлудің көп кезеңділігін қысқартуға көмектеседі. Екіншіден – өндіріс орындарының қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруға қатысуына жағдай жасайды және ғалымдарымыздың жұмыстарын іс жүзінде қолдану тәжірибесін арттырады. 
2016 жылдан бері Ғылым Қоры ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруда жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. Біз қордың қалай жұмыс істейтінін, еліміздегі ғылымның қалай дамып жатқанын және қазіргі ғылымдағы басым бағыттарды білу үшін Ғылым Қорының президенті Әнуарбек Сұлтанғазинмен әңгімелескен едік. 
avatar
 Ғылым Қорының рөлі қандай? 
avatar

Қордың қызметі, біздің ойымызша, ғылымның дамуына сәйкес негізгі екі өлшемді жүзеге асыруға негізделген:

  1. еліміздің ІЖӨ өсімін арттыруға және оның құрылымдарының жақсаруына үлес қосу қажеттігі;
  2. халықтың тұрмыс деңгейін (сапасын) жақсарту қажеттігі.

avatar

Ғылым Қоры келесі мәселелерді шешу үшін, 2020 жылға қарай ғалымдар мен бизнес арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін орталық кеңсе болуды көздеп отыр:

  • қолданбалы ғылымды коммерцияландыру процесін үйлестіруді, оны экономиканың нақты бір секторының қажеттілігіне бағыттауды еліміздің деңгейінде қамтамасыз ету;
  • ғалымдар еңбегінің нәтижелерін, оның ішінде зияткерлік меншік объектілерін, жобаларды жүзеге асыру барысында жасалған өнімдер мен қызметтерді алға бастыру;
  • индустрияның жоғары технологиялық дамыуына бағытталған заманауи ғылымның алдыңғы қатардағы жетістіктерін өндіріске енгізуді ынталандыру;
  • алынған нәтижелерді ішкі және сыртқы нарыққа әрі қарай жылжыту үшін жобаларды орындаушыларға дем беру.

avatar

Ғылыми зерттеулерді жүргізуде тәртіпаралық амал басымдығының әлемдік тренді бар: ғылым төрт тармақ бойынша дамуға бет алды – Nano-Bio-Info-Cogno (NBIC). Қазақстанда ҚР БҒМ Ғылым комитетінің тапсырмасы бойынша осы әлемдік тренде қала отырып, әрі қарай қалай дамуға болатынын анықтау үшін форсайттық зерттеулер жүргізілген болатын. Осы форсайт негізінде Қазақстанда ғылымды дамыту бойынша тәртіпаралық зерттеулердің 4 бағыты анықталды:

  1. Халқымыздың денсаулығы мен тұрмыс-тіршілігі сапасын сақтау және жақсарту (биомедицина саласындағы инновациялар және ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы өмір сапасын арттыру);
  2. Экспортқа бағдарланған ұлтымыздың денсаулығын сақтап және жақсартуды қамтамасыз ететін экологиялық таза ауылшаруашылық өнім (азық-түліктің қауіпсіздігі шартымен халқымыздың тұрмыс-тіршілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Экспорттық әлеуетті кеңейту. Тұрғындардың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ететін пайдасы зор жоғары сапалы жаңа өнімдер алу);
  3. «Жасыл» технологияларды арқау ететін экологиялық таза тіршілік ортасы (өндіріс процестеріне жоғары технологияларды енгізу, өндірістерді автоматтандыру. Өндірістің экологиялық таза технологияларын қолдану);
  4. Энергия тиімділігі және энергияны үнемдеу қоғамы (энергия тиімділігі, өндірістің және энергияны тасылмалданудың өзіндік құнын азайту). 

avatar
Зерттемелері мен технологияларын коммерцияландыру мақсатында ғылыми жобаларды қаржыландырумен басқа органдар айналысты ма? Болса, неге оны Ғылым Қорына берді? 
avatar

2012 жылдан бастап мемлекет тарапынан ғылыми зерттемелерді коммерцияландыруға жағдайлар жасалып келеді. Технологияларды коммерцияландыруға гранттар беру процесі де басталып кетті.

Коммерцияландыруға гранттар екі мекеме арқылы беріліп отырған және қазір де берілуде:

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (ИДМ) атынан «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ;
  2. Білім және ғылым министрлігі атынан «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС (2015 жылға дейін), Жобаларды топтық басқару (2016 жылдан), «Ғылым қоры» АҚ (2016 жылдан).
avatar

ИДМ желісімен инновациялық жобаларды коммерцияландыру үшін гранттар:

  • тәжірибелі зертханалық үлгіні жасауға;
  • эксперименттік өнеркәсіптік үлгіні жасауға;
  • өнімдердің тестік шығарылымын жасап, жүзеге асыруға беріліп отырды.

avatar

БҒМ жолымен технологияларды коммерцияландыруға гранттар Дүниежүзілік Қайта құру және Даму Банкімен бірлесіп жүзеге асырылған «Технологияларды коммерцияландыру жобасы» аясында жұмыс істеген «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС арқылы берілді.

avatar

2015 жылдың қазан айында Кәсіпкерлік кодекс пен «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң өз күшіне енді. Осы заңды іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында Ғылым қоры ҒҒТҚН коммерцияландыруға берілетін гранттар операторы болып бекітілді. Қордан бөлінетін гранттар дәл сол ғылыми зерттемелерді қаржыландыруға бағытталған, гранттың жалпы сомасы 300 млн. теңгеге дейінгі қаржыны құрайды.

Сонымен қатар, кіші және аға ғылыми қызметкерлер үшін Дүниежүзілік банк арқылы берілетін гранттар да бар. 

avatar

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңын қабылдаудың маңызы неде? 

avatar
Бүгінгі таңда елімізде ғылыми зерттемелерді коммерциялау деңгейінің төмен екені байқалады – барлық қолданбалы зерттеулердің 3,5%-ы ғана. Еліміздің ғылымды қажетсінетін экономиканы құруға бет алғанын ескерсек, ғылыми-техникалық даму бұл процесте негізгі драйвер болуы тиіс. Сондықтан бұл заңның қабылдануы маңызды болып табылады және еліміздің экономикасының өсуіне септесе отырып, өндіріспен араласатын салаға жоғары технологиялық зерттемелерді енгізуге мүмкіндік береді. 
avatar
Қазір қаржыландырылып жатқан және болашақта қаржыландырылатын бағыттар және басымдықтар қалай анықталады? 
avatar

Бағыттар түпкілікті өнімдер мен қызметтерді жасау мақсатында анықталады. Алдымен қандай өнімді жасауға болатынын, содан кейін сол өнімдерді алу үшін қандай технологиялардың қажет екенін анықтап аламыз. Осы арқылы басым бағыттары белгілі болады.

avatar

Мысалға, біз жүргізген зерттеулердің ішінен бір ғана «Ұлттың денсаулығын және өмір сапасын сақтау және жақсарту» бағыты бойынша отыз бір технологиямен (ҒЗТКЖ жүргізуге қажетті тақырып – алпыс шақты) байланысты он бір өнім мен қызметтер жасауға болады.

avatar
Осы сызба бойынша жаңа технологияларды жасауға мүмкіндік беретін зерттеулердің тақырыптары анықталады. Біз соңында қандай өнім немесе қызметті алатынымызды анық білуіміз қажет. Сондықтан біз өз қызметтерін дұрыс бағытта алып жүруі үшін басым бағыттарды көрсете отырып, ғалымдарымызға шығамыз. Форсайттық зерттеулер нәтижелерін (оның ішінде басым бағыттардың тақырыптарын) мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://issuu.com/movators/docs/ncste_kz_forsight_2014
avatar
Ғылыми жобаларды қаржыландыру қалай жүргізіледі? 
avatar

Қаржыландырудың екі формасы бар. Біріншісі, стратегиялық маңызы бар мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асыруға арналған бағдарламалық-мақсаттық. Екіншісі, бекітілген басым бағыттар аясындағы ғылыми және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшін байқау бойынша жүзеге асырылатын гранттық қаржыландыру. Бұдан бөлек ғылыми инфрақұрылымды қамтамасыз етуге және әкімшілік шығындарды жабуға арналған базалық қаржыландыру да бар.

avatar

Қазір Ғылым Қоры ҒҒТҚН коммерцияландыруға гранттар бөле отырып, осы жобаларды жүзеге асыруда бірігіп қаржыландыру бойынша бизнестен қосымша қаржы тартуға тырысады. Қор өз тарапынан гранттық қаржыландыруға ие болған жобаларға барлық кезеңдерде көмек көрсетіп, үйлестіріп отырады. Жоба аяқталғаннан кейін кәсіпкер жаңа өнім алып, өз бизнесін дамытады, мемлекет болса ұлттық өнімін арттыра түседі.

avatar

Ғылымды қаржыландыруға байланысты тағы да бірнеше тезистерді бөле-жара айта кеткім келіп отыр:

  1. Қаржыландыру кәсіби деңгейде ұйымдастырылған гранттық бағдарламалар бойынша жүргізілуі тиіс. Біріншіден, мамандандырылған құрылымдар қаржыландырудың барлық процесін сауатты ұйымдастыра алады (ғылыми жобаларды таңдау, құжаттарды даярлау т.б.). Екіншіден, осы жобаларды тиімді алып жүруді қамтамасыз етеді: процестерге және шығындарға мониторинг жүргізу, жүзеге асыру барысында кеңестер беру, әртүрлі деңгейдегі мәселелердің дұрыс шешімін табуды іздестіруге көмектесу;
  2. Жобаларды таңдау кезеңінде міндетті түрде бәсекенің болуы қажет. Біз тақырыпты хабарлағанда ЖОО мен ғалымдар оны зерттеу үшін мықты деген ғалымдардың тобын қатыстыра отырып, күресуі қажет. Қаржыландыруға ие бола алмаған ЖОО мамандары нәтижесі көбірек жобаларға ауысатын болады.

avatar
Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қалай жаңартып отырасыздар? 
avatar

Қазіргі уақытта технологиялық мәселелердің шешімін табу үшін нарықта бар шетелдік технологияларды сатып алады. Бұл ретте елімізде енгізу және одан ары қызмет көрсету үшін шет елдікінен арзан зерттемелер жоқ емес. Кәсіпорындар инновациялық деңгейін арттыру, тиімділік өсімін қамтамасыз ету мәселесінде ғылымның оларға жолдас екенін түсінуі қажет. Кәсіпорындар жиі-жиі ғалымдармен тілдесіп, ғылыми зерттемелер арқылы шешімін табу үшін өз жағдайларын түсіндіріп отыруы керек. Ғалымдар болса бизнеске қолында бар зерттемелер туралы ақпарат беріп, мекеме үшін оны өндіріске енгізудегі пайданың болуы туралы талқылап отыруы керек. Мысалы, МӨЗ-да суды тазарту бойынша жоба бар, ірі мұнай компанияларына осы жоба аясында ғалымдармен ынтымақтасуына болады.

Білім-ғылым-өндіріс тізбегінің мықты байланысы ғана ақырында шетелдік өнімді алмастыруды қамтамасыз ете алады.

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1888964381316253

Digital-агентство Белочка