Ұлыбританиядағы төрт жылдық оқу мен тәжірибеден соң елге оралған қазақстандық заңгер Халида Ажигулова қыркүйек айынан бастап мектептерде адам құқы жөніндегі тегін факультатив сабақ өткізе бастайды. Жоба Street Law Kazakhstan деп аталады. Негізгі мақсаты — балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес. Осы сұқбат барысында Халида Street Law Kazakhstan жобасы жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Бүгін – Мұғалімдер күні. Қалам ұстағаныңнан бастап, қабырғаң қатайғанша білім нәрімен сусындатып, өмір соқпағында түзу жол таңдауыңа дейін үлес қосатын ұстазға бас иетін, бар жақсылығы үшін алғыс айтатын күн.

Республикаға еңбегі сіңген ұстаз, еңбек жолын 70-жылдары тақта алдында бастаған ерлі-зайыпты Құсбек Сейітханов пен Райфа Хисамиддинованы кәсіби мерекесімен құттықтап, аз-кем тілдескен едік. Екеуінікін қосқанда 80 жылдан асатын еңбек өтілі бар қос мұғалімнің алдынан шыққан талай түлек пен өз балалары іздерін басып, кәсіптерін жалғастырды. Бұл – кезекті кәсіби мерекесін қарсы алып отырған қариялардың еңбегінің жемісі. Қазан айының бірінші жексенбісіне тура келетін мереке алдында бақытты отбасы, мұғалімдер династиясының көшбасшысы болған қос ұстаздың естелігін тыңдап қайттық.

Былтыр 1 қыркүйектен бастап елдегі барлық мектепте білім беру процесі жаңартылуда. 2017-2018 жылы оқушылар үшін жаңалық болатын маңызды өзгерістердің қысқаша шолуын назарларыңызға ұсынамыз.
Құрметті оқырмандар! Қостанай қаласындағы Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жайлы материалдан соң (http://bit.ly/2WPU65R) сіздерден басқа өңірлердегі кеңес жұмысы жайлы көптеген сауалдар алдық. 

Өтініштеріңізді ескере отырып, бұл жолы Павлодар қаласындағы №8 лицей жайлы әңгімелемекпіз. Лицей ұжымы Қамқоршылық кеңестің жұмысы жайлы ой бөлісіп, мектеп, ата-ана және педагогтар тандемінің білім ордасындағы ахуалды қалай оң бағытқа түзейтінін айтты. 

Қазақстан ғылымы, табиғаты, археологиясы мен сирек кітаптар бағытындағы Ғылым ордасы мұражайында үйірмелер ашылып, студенттер мен мектеп оқушылары келе бастады. Олар қатысатын арнайы курстарда дәріскерлер бірегей көрнекі құралдарды пайдаланады. Қазақстан тарихы, география, биология мен бейнелеу өнеріне арналған сыныптан тыс сабақтар министр Ерлан Сағадиевтің бастамасымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және жаңартылған мазмұнмен оқыту аясында өтіп жатыр. Тылсым сырды ішіне бүгіп, білгісі келген жасқа қазынасын ашуға дайын көрме залында өтетін сабақ баланың дүниені, қоршаған ортаны, тіпті өзін-өзі тануында естен кетпес әсер қалдырып, сыныптағы сабаққа қарағанда әлдеқайда қызықты болары сөзсіз. 

Құрметті оқырмандар, бүгін біз Қостанай қаласындағы қамқоршылық кеңестердің жұмысы жайлы айтамыз.

Бұл қандай кеңес?

Қамқоршылық кеңесі — білім саласына қоғамдық бақылау жасауды көздейді. Ол сапалы білім беру, бала құқын қорғау мәселелеріне тығыз араласады. Қамқоршылық кеңес жұмысы ақысыз атқарылады. Кеңес тек демеушілік секілді қолдау түрлерімен ғана емес, білім беру мекемелерінің басшыларымен арадағы азаматтық қоғам байланысын реттеумен де айналысады. Ал мектеп директоры жұмыс нәтижесі бойынша ұдайы кездесу өткізіп, есеп беріп отырады. Сондай-ақ қамқоршылық кеңес жұмысы мектептегі ақша жинау ісін жоюға да бағытталған.

Loading...