30 June 2019
Жаңартылған бағдарлама

БЖБ мен ТЖБ — баяғы бақылау жұмыстары 📚

Бүгін назарларыңызға тәжірибелі маман, астанадағы №75 мектептің мұғалімі Абдуллина Эстелла Артуровнамен сұқбатымызды ұсынамыз. Ұстаз жаңартылған бағдарлама мен оның басты мақсаты – баланың ойлау қабілетін дамыту ісі жайлы әңгімеледі. Біз педагогтан бөлімді жиынтық бағалау мен тоқсанды жиынтық бағалау жөнінде сұрадық.

ОЙ ҚОРЫТА БІЛУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖАЙЛЫ 🔎💡

Эстелла Артуровна балалардың ойлау қабілетін дамытуды үйретеді. Ол жаңа бағдарлама бойынша оқытуға 2018-2019 оқу жылынан бастап кірісті. Сол жылы оқушылары жетінші сыныпқа көшкен еді. 

«Жаңа бағдарлама енбей тұрғанда тарих пәнінің мұғалімі ретінде сабақта ауыз жаппай сөйлеп, мәліметті дайындап беретінмін. Ал балалар айтқанымды тек қайталайтын. Мұндай әдіс мұғалімнің пікірі ғана маңызды дегенді білдіреді. Басқа дереккөздерден ақпарат жинап, саралау деген болмайды. Қазір мұғалімнің жүгі азайды. Көп мәліметті балалар өздері ізденіп оқиды. Дегенмен мұғалім оларды қайдан, қалай табуға үйретіп, бағыттап отыруы керек», — дейді Эстелла Артуровна. 
Эстелла Артуровнаның айтуынша қазір сабақ барысында материалды сараптап, ой қорытуға баса назар аударылады. Ол үшін балалар педагогтардың көмегімен тарихи құжаттарды оқып, зерттейді. Бұрынғы бағдарлама бойынша олар мектеп оқулығын ғана жаттап өсетін. 

«Мұндай әдісте материалды жаттап алу қабілеті дамымайтын шығар. Бірақ қазір кез келген тарихи датаны интернеттің көмегімен анықтай қою қиындық тудырмайды. Біз балаларды материалдан ой қорытуға үйретеміз. Қазір ақпарат тасқыны зор. Бәрін жаттап алу мүмкін емес. Сол ақпараттар арасынан керегін ғана алып, рас-өтірігін ажыратып, сыни ойлауға үйрену маңызды», — дейді ұстаз. 

Сабаққа дайындалу кезінде Эстелла Артуровна міндетті түрде пайдалы дереккөздерді іріктейді. Балалар сол жерден керегін өздері тауып оқиды. Мұндай әдіс өзіне де, оқушыларына да ұнайтынын жасырмады. 

АНА-АНАЛАР БАЛАНЫҢ БІЛІМІ ҚАЛАЙ БАҒАЛАНАТЫНЫН БІЛЕДІ 📋

«Жаңартылған бағдарламаның ерекше маңызды тұсы бар: онда баланың нені білуі керек, қолынан не келіп, қандай тапсырманы орындай алатыны нақты жазылған», — дейді Эстелла Артуровна. 

Егер мемстандартта бала ой қорыта алу керек деп жазылса – сабақтың мақсаты да баланы ойлау қабілетін дамытып, пікір қалыптастыруға үйрету болмақ. БЖБ мен ТЖБ тиісті критерий бойынша бағаланады. 
«Мемстандарттың талаптарына біздің сабақтағы әрекеттеріміз толық сай келеді деуге болады. Бұрын олай емес еді», — деп ағынан жарылды мұғалім. БЖБ мен ТЖБ басталғанда балалар қандай тапсырма орындайтындарын және ол қалай бағаланатынын біледі. Тексеру жұмыстарының қорытындысын мұғалім ата-аналарға көрсетеді. Олар да балаларының білімі қалай бағаланатынын көріп, кемшін тұсын бақылауға мүмкіндік алады. 

БҰРЫН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КӨП ЕДІ 🧮

«Әр тоқсан сайын екі немесе үшін БЖБ өтеді. Бұл бақылау саны тамыз айында нақты белгіленеді. Сл себепті мұғалімдер де, ата-аналар мен балалар да қанша рет бақылау жұмысы болып, не сұралатынын біліп отырады. Бұрындары біз бақылау, диктант, өзіндік жұмыстарды көп алатынбыз. Енді тоқсан ішінде екі БЖБ мен соңында ТЖБ белгіленген. Бұл – көп емес», — дейді Эстелла Артуровна. Оның оқушылары БЖБ өтерде 10 күн бұрын қандай тақырыпта бақылау болатынын жөнінде ескерту алады. 

ПЕДАГОГ ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТАРҒА ЛАЙЫҚ ТАПСЫРМА ДАЙЫНДАЙДЫ

«Бір тоқсанда екі рет БЖБ-ға дайындалу қиын емес. Тапсырманың барлығы педагогикалық шеберлік орталығында (https://www.cpm.kz/ru/) тұр. Мен әдетте өткен сабақтарымның ыңғайына қарай ол тапсырмаларды міндетті түрде түзеймін», — деп тәжірибесімен бөлісті педагог. 

Эстелла Артуровна «Француз революциясы» тақырыбындағы БЖБ-ны қалай өткізгенін есіне алды. Педагогикалық шеберлік орталығы дайындаған тапсырмада «Давидтің өлімі» картинасын зертеу тапсырылған. Мұғалім оның орнына сабақта өткен тақырып бойынша картина пайдаланды. «Мен мақсатты орындадым. Ең бастысы өнерді зерттеп, талдадық. Педагог БЖБ мен ТЖб-ны өткен материалдар негізінде дайындау керек», — дейді ол. Әр сыныптағы мұндай жұмыстарды тексеруге шамамен екі сағат уақыт кетеді. Эстелла Артуровна он бес сыныпқа сабақ береді. 
Келесі посттарда біз бастауыш мұғалімінің бірінші сыныптағы балаларға қоятын талаптары мен ана-аналарының жаңартылған білім бағдарламасын қалай қабылдағаны туралы материал ұсынамыз. Сіздерді Ахмет Байтұрсыновтың өмір тарихын зертей отырып, балалардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген махаббатын ашқан филологпен таныстырамыз. Посттарымызды күтіңіздер!

Материалды ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Дереккөз: https://www.facebook.com/edugovrk/posts/2314947362051284